Внеклассный урок на тему "Жасыл шырша жанында"
арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Залдың іші жаңа жыл ертеңгілігіне байланысты безендірілген. Ортада ойыншықтар ілінген жап жасыл шырша. Жаңа жыл мерекесіне арналған көңілді әуенмен балалар залға сыныптар ретімен 1-1ден (1а,1б,1в, 2а,2б, 2в) кіреді.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Бар әлемге шуақ болып тарайды.
Құрметті , ата-аналар, қонақтар, бала лар сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Жаңа жыл сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой мақсаттар жүзеге асатын, арман үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілейміз. Бүгінгі ертеңгілікке қош келдіңіздер. Балалар, біз бүгін көптен күткен жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық.Сендер бүгін ерекше әсем болып киініп келіпсіңдер. Ендеше мерекемізді жаңа жылға арналған ән шашумен бастайық .
2 «в» сыныбы: ән: «Жаңа жыл»
Хабар беруші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, Таңырқап тек тұрмаңыздар. Жер әлемнің патшасы
Сұлтан келе жатыр
Шығыс әуені ойналады. Ортаға сұлтан, сұлтанның қызы, уәзір (шахеразада) шығады
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа орап алды маңайды.
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Мереке, той-думан басталсын!
2 «в» сынып оқушылары шығыс биін билеп шығады.
Сұлтанның ерке қызы жылай бастайды.
Шахеразада: Әміршім, бүгін тамаша кеш болып жатыр. Ендеше, уақыт оздырмай жаңа жылды қарсы алайық!
Сұлтан қызы:
Жоқ, жоқ, жоқ! Жаңа жыл келмейді. Менің көңіл-күйім жоқ! Жылай бергім келеді. Кім жаңа жылды тойласа соның басын алғыз әке!
Сұлтан халық абдырап қалады.
Шахеразада: Ерке қыз сенің көңіл-күйіңді бұзған кім? Жаңа жылды қалай қарсы алсаң жыл солай өтетін көрінеді. Бұл табиғаттың заңы. Қазір желтоқсан айы, бұл соңғы 12 ай. Жыл 12 ай өткен соң, қайтадан жаңа жыл туады.
Сұлтан: Уа, халқым менің әмірімді тыңда! Кімде-кім менің қызымды райынан қайтарып, қуанта алса, соған ат басындай алтын беремін!
Сұлтан қызы: Жоқ дедім бе, жоқ! Жаңа жыл болмайды. Қазір 12 екінші ай болса одан кейін 13 ай болады. Мен әміршінің қызымын, маған қарсы келгендердің басы аланады.
Шахеразада сұлтанға қарап: Әміршім, маған бір ой келді. Біздің ерке ханшайымның көңіл-күйін көтерсе, биылғы жылдың төресі – мешін болса керек. Бұл жыл бізге зор қуаныш әкелді. Қазақстан халқы молшылық пен татулыққа кенелді. Халқымыз үшін ең құнды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын осы жылы атап өттік. Ендеше, мешіндер мен оның достарының өнерін тамашаласақ па екен?
Сұлтан: Көрсек көрейік.
Жүргізіші: уа халайық, көңілді мешіндерді қарсы алайық!
2 «б» сыныбы: Маймылдар биі
Ханшайым маймылдармен секіріп билейді. Біткен соң тағы жылай бастайды.
Ханшайым: (жылайды) менің тағы жылағым келіп тұр! Болмайды жаңа жыл, болмайды!
Сұлтан басын ұстап отыра кетеді.
Білім керек барлық таңдап аларғаБілім керек іске жақсы қарауғаБілім - шырақ қара түнді ашатынБілім – жарық, нұрын саған шашатын, әміршім ханшайымның бұл құпия дертінің жауабын білімделер тапса керек. Білімделерді алдырайық ортаға.
Сұлтан: Уа, халқым! Білімділер келсен ортаға
Білімділер ортаға шығып билейді
Кітап керек білім таңдап аларғаБілім керек іске жақсы қарауғаКітап - шырақ қара түнді ашатынБілім - жарық нұрын саған шашатын. Әміршім, біздің досымыз – кітап. Ханшайымның бұл жағдайын естіп біліп жатырмыз. Рұқсат етсеңіз біз достарымызбен біраз ақылдасып, бұл жағдайдың шешімін тауып көрейік.
Білімделір кітаптарын ашып, біреулері телескоппен қарап, біраз ақылдасқан сыңый танытады.
Білімділер: Әміршім, біз достарымызбен ақылдаса келіп, мынадай тоқтамға келдік. Ханшайымдыкі аса қауіпті дерт емес. Бұл – жаңа жыл мерекесі алдындағы ханшайымның көңіл-күйінің болмауының нақты себебі анықтау мүмкін болмай тұр. Мүмкін бұл жаңа жыл алдындағы қобалжудан ба деп те ойлаймыз. Жаңа жыл қуаныш пен шаттықтың, сыйлықтар мен сиқырдың кезі ғой. Сиқыршылар, сиқыршы феялар – сиқырдың небір ғаламат түрлерін білетін жандар. Біз сізге солардың көмектеріне жүгінуіңізге кеңес береміз.
Сұлтан: ендеше, қарап тұрмаңдар. Сиқыршылар мен сиқыршы феяларды шақырыңдар.
Ортаға 1 «а» сынып оқушылары шығады. «Феялар мен сиқыршылардың» биін билейді
Ортаға ханшайымды алып шығып, таяқтарымен сиқырлайды. Ханшайым біраз күліп тұрады да, қайта жылай бастайды.
Фея: Әміршім, біздің сиқырымыздың күші мықты. Біздің күшімізбен талай сиқыр орындалған еді. Бірақ ханшайымның көңіл-күйін көтеруге біздің сиқырымыздың күші жетпейді. Бұл жаңа жыл кезі. Жаңа жылда сиқырдың ең күштісін Аяз ата ғана орындайды.
Шахеразада: Әміршім, бағанадан осы менің неге ойыма келмеген. Расымен жаңа жылда аяз ата үлкеннің де, кішінің де тілегін орындайды емес пе?! Әміршім рұқсат етсеңіз, аяз атаны ортаға шақырайық. Оның бізге келетін уақыты да келген секілді.
Сұлтан: Рұқсат, рұқсат
Шахеразада: Балалар, аяз ата алыс жолдан шаршап келеді. Біздің гимназиямызды табу оған оңай болмайды. Гимназиямыз үлкен, кабинеттер де көп, сондықтан аяз ата бізді таба алмай адасып қалуы мүмкін. Ендеше, бар дауысымызбен, аяз ата, кел, кел деп аяз атаны шақырайық.
1,2,3, Аяз ата, кел,кел
Осы келде 1 «в» сынып оқушылары ортаға шығып «Ақшақарлар» биін орындайды. Ақшақар балалармен қоса билеп келеді. Аяз атаны кішкентай сантаклаустар қоршап келеді.
(Қандай өнерлі балалар, тәттілерді ала қойыңдар!)
Құтты болсын, балаларКелген Жаңа жылдарыңАлаңдамай өсіңдерЕркелеп қыз, ұлдарымӨткен жылы келіп емБәріңді де көріп емЖыл өткізіп келем депУәдемді беріп емОйларың мен бойларың даБірдей өсіп қалдыңдар ма?Ал, мен кіммін айтыңдаршыМені тани алдыңдар ма? Балалар: Аяз ата! Ақшақар .- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!Сүйсіңдірер маңайдыАқшақармын арайлыЖалт - жұлт еткен жүзімненКүміс сәуле тарайды.Ақшақармын аппақпынҚалай тыныш жатпақпынМенсіз қыстың сәні жоқӘнмін, жырмын, тақпақпын.
Аяз ата: ал, қанеки, балалар, шыршаны айналып ән шырқайық. Сендердің қандай өнерлерің бар?
«Шыршаға бардық» 1 «а» сыныбының оқушылары хормен орындайды.
(Аяз ата кәмпиттерін үлестіреді)
Осы кезде Ханшайым қатты жылай бастайды.
Аяз ата: балалар, айтыңдаршы, бұл қуанышты мерекеде жылап отырған кім?
Балалар: ханшайым
Шахеразада: Құрметті аяз ата, бізге сіздің көмегіңіз керек болып тұр. Біздің ханшайымның көңіл-күйі жоқ, тоқтамай жылай береді. Жаңа жылда сіздің сиқырыңыз ең мықты көрінеді. Барлық арман, тілектерді орындай алады екенсіз. Сиқырыңызды жасап, ханшайымды көңілдендіріңізші.
Аяз ата: Оның рас, шахеразада. Менің сиқырым жаңа жылда жаңа күшке ие болады. Ол үшін жаңа жыл келуі керек. Жаңа жылдың келетін уақыты да болып қалыпты, қане балалар жаңа Тауық жылын қарсы алайық.
1 «б» сынып оқушылары «Балапан» биін билеп шығады.
Диляра: Мен –Жаңа жылмын,
Мен –Жаңа нұрмын.
Нұртілеу: Мен-жаңа жырмын,
Бекнұр: Тағат таппай күткенің
Бұл тауық жылы еді,
Азамат: Әкелемін баршаңа
Жаңа бақыт, жаңа жыр.
(Аяз ата балапандарға кәмпит үлестіреді)
Мешін: Жаңа жыл келген соң ескі жыл қайтуы керек. Осы сіздермен мына жыл аса қызықты болды. Мен адамның алыс туысқанымын. Тексере келгенде тіпті арғы атасымын, өзім адамға ұқсаймын. Осы жылда адамдарға жақсылық жасауға тырыстым. Ал, б алалар, енді келесі12 жыл айналып келгенше қош сау болыңдар! Ал, тауық жылы, осы адамдар саған аманат! Қош, болыңдар, балалар!
Ханшайымның жылаған даусы естіледі.
Аяз ата: Ал, балалар, ханшайымды сиқырлайық. Ақшақарлар маған көмектесіңдер! Балалар сендерде бірге қайталап айтыңдар. 1, 2! Көңілсіздік кетті! 1,2! Қуаныш кеп жетті!
Ханшайым: Алақай жаңа жыл келіпті! Әке жаңа жылыңызбен! Балалар, жаңа жылдарың құтты болсын! Қане тойлайық! Мына шырша неге жанбай қалған? Аяз ата шыршаны жағайықшы!
Аяз ата: Дұрыс айтасың, ханшайым! Балалар, кәне бәріміз бірге айтайық.
Шырша, шырша, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат 3рет қайталап айтады.
Шахеразада: ханшайым көңілді, шырша шамын жақтық, енді балалар, аяз атамен ойын ойнайық.
Аяз ата таяғымен ойын ойналады.
Шахеразада: Аяз ата, сізге арнап балалар өз өнерлерін дайындапты, ендеше соларды тамашалайық.
Аяз ата: Қандай өнерлі, балалар! Менің қайтатын кезім келді. Мені әлі көп балалар күтіп отыр. Балалар сендерге дайындаған сыйлықтарымды сыныптарыңа қалдырып кеттім. Оны сендерге мұғалімдерің мен ата-аналарың үлестіріп береді. Балалар, осы жылы сабақтарыңды жақсы оқыңдар, ата-аналарыңның, мұғалімдеріңнің тілін алып, тәртіпті оқушы болыңдар! Қош сау болыңдар, балалар
Барлығы: қош сау болыңыз, аяз ата!
Жүзімізді күлкі ойнап,
Жаңа жылды біз тойлап
Ән шырқадық бәріміз.
Келді тағы жаңа жыл
Құтты болсын қуаныш
Құрметті, ата-аналар, балалар! Жаңа жылдық ертеңгілігімізді осымен аяқтаймыз.